12-15 мамыр, 2025
Астана қаласы
География пәнінен
GEO STAR
Ұлттық олимпиадасы
GEO STAR
Ұлттық Олимпиадасы
География пәнінен Geo Star
Ұлттық Олимпиадасы 2023 жылдан бастап елімізде өткізіліп келеді. Әр өңірден 7 және 8 сыныптан облыс жеңімпаздары Астана қаласында кездесіп бас жүлдеге бақ сынайды.

Олимпиада тест сұрақтарынан, мультимедиялық тапсырмалар мен далалық тапсырмалардан тұрады.

National Geographic Qazaqstan ғылыми-танымдық журналы олимпиадаға контенттік қолдау көрсетеді.
Ұлттық Олимпиада артықшылықтары
Халықаралық деңгейге өту

Ұлттық Олимпиада жүлдегері атанған оқушы халықаралық International Geography Competitions сайыстарына қатысу мүмкіндігін алады

Жаңа форматтағы тапсырмалар
Мультимедиялық және далалық тапсырмалар барысында күш сынау
Оқу-жаттығу жиынына қатысу
Оқу-жаттығу жиыны барысында көптеген қызықты әрі пайдалы семинарлар өтеді
Құнды жүлделер
Планшет, ақылды сағат, құлаққаптар сияқты құнды жүлде ұтып алу мүмкіндігі бар
Ұлттық Олимпиада бағдарламасы
    1. Оқу-жаттығу жиыны
    Оқу-жаттығу жиыны барысында қатысушылар екі күн бойын арнайы жаттықтырушылар көмегімен көптеген тақырыптарда семинарлар және лекциялар өтеді. Кәсіптік бағдар беру, далалық тапсырмалармен жұмыс жасау, Олимпиадаға дайындық семинарлары жүргізіледі.
  • 2.Мәдени бағдарлама

    Семинарлардан бос уақытта қатысушылар үшін мәдени бағдарлама өткізіледі. Оның ішінде Назарбаев Университетіне экскурсия, кинотеатр, Ұлттық Мұражайға бару сияқты іс-шаралар өтеді.
  • 3.Мультимедиялық тапсырмалар

    Географиядан Ұлттық Олимпиаданың ерекшелігі - қарапайым тест сұрақтарынан бөлек, сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін мультимедиялық сұрақтардың болуы
  • 4.Далалық тапсырмалар
    Мультимедиялық сұрақтармен қатар бұл Олимпиада барысында далалық жағдайда тапсырмаларды шешу керек болады. Бұл тұрғыда қатысушылардың география пәні шеңберінде қолданбалы білімі сыналатын болады.
  • 5.Дайындық семинарлары
    Оқу-жаттығу жиыны барысында тек лекциялар ғана өткізілмейді. Түрлі ғылыми-танымдық тақырыптарда топтық жұмыстар жүргізіліп, қатысушылар кішігірім проекттер қорғап үлгереді.
Олимпиада кестесі 12-15 мамыр 2025 жыл
Дүйсенбі, 12 мамыр
13:00 - Тіркелу және танысу
14:00 - Түскі ас
15:00 - Назарбаев Университет экскурсия
19:00 - Кешкі ас
Сейсенбі, 13 мамыр
10:00 - Таңғы ас
12:00 - Семинар 1
14:00 - Түскі ас
15:00 - Семинар 2
19:00 - Кешкі ас
Сәрсенбі, 14 мамыр
9:00 - Таңғы ас
10:00 - Теориялық тур
12:00 - Түскі ас
13:00 - Далалық тур
19:00 - Кешкі ас
Бейсенбі, 15 мамыр
9:00 - Таңғы ас
10:00 - Марапаттау рәсімі
12:00 - Түскі ас
14:00 - Asian Geography Bee Prequalification Test
Олимпиада тренерлері
  • Дүйсен Абай
    Далалық тапсырмалар тренері
  • Ханафия Мади
    Кәсіби бағыт-бағдар бойынша тренер
  • Каримова Назерке
    Практикалық семинарлар
  • Қалиасқаров Ербол
    Практикалық семинарлар
Олимпиада видео-күнделіктері
Фотогалерея
Біздің серіктестер
Жиі қойылатын сұрақтар
  • Олимпиадаға қалай қатысуға болады?
    Олимпиаданың аудандық деңгейі өтер алдында облыстық Дарын орталықтарынан барлық мектептерге ресми хат жолданатын болады. Ол жерде аудандық деңгейдің өту күндері және негізгі ақпарат беріледі. Ауданнан облыстық деңгейге өткен жеңімпаздар өз облысында жүлдегер атанса республикалық деңгейге жолдама алады.
  • Аудандық, Облыстық, Республикалық деңгейлер қашан өтеді?
    Аудандық деңгей шамамен наурыз айында, облыстық деңгей сәуір айында, ал республикалық деңгей мамыр айының ортасында өткізіледі.
  • Кім қатыса алады?
    7 және 8 сынып, қазақ тілді және орыс тілді оқушылар қатыса алады.
  • Қатысу құны қанша?
    Республикалық деңгейге өткен барлық қатысушыларға Астана қаласында үш күнге жатын орын мен тамақтандыру қамтамасыз етіледі. Олимпиадаға қатысу тегін болып табылады.
"EcoForming" Білім және Экология қоры
Сұрақтар бойынша келесі байланыс құралдары арқылы хабарлассаңыз болады

Телефон: 8 707 463 15 22
Почта: info.ecoforming@gmail.com


Made on
Tilda